Ежелден қазақ халқы өзіне тән наным-сенімге, салт-дәстүрге және мәдениетке бай. Ұлттық ойындар – осы мәдениеттің ажырамас бөлігі. Олар көңіл көтеру құралы ғана емес, сонымен қатар жастарды тәрбиелеу, күш-қайратты, ептілік пен тапқырлықты дамыту тәсілі болды. Алайда уақыт өте келе кейбір ұлттық ойындар ұмытыла бастады. Қазір тек бірен-сараңын ғана білеміз. .Ендеше ұмыт қалған қазақ ұлттық ойындарын, олардың қалай ойналатынын және маңызына шолу жасасақ.
Этнограф Базарбек Төтенайдың ғылыми зерттеуіне сүйенсек, қазақ халқында 100-ден астам ұлттық ойындар бар. Олардың кейбірі балаларға, енді бірі жас қыз-жігіттерге, енді біреулер ақыл тоқтатқан ересектерге арналған. Оған қоса түркі тілдес тайпалар, оның ішінде қазақтар ұлттық ойындарын халықтың әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне бейімдеп отырған әрі салт-дәстүрі және мәдениетімен байланысты болған. Әсіресе, ойын үшін ағаштарды, малдың сүйегін, арқанды, аттарды қолданған. Этнографтың “Қазақтың ұлттық ойындары” кітабына сілтеме беріп, қазір көбі біле бермейтін 5 ұлттық ойынды ұсынамыз:
Олар: Атбақыл, Әуетаяқ, Қындық-сандық, Жамбы ату, Қарамырза.