Шие ежелден емдік қасиеті бар жемістердің бірі саналады. Халықтық медицина оны тәбетті шақырып, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға қолданады. Жемістің негізгі қасиеті – ағзаның жалпы қабынуын төмендетіп, зақымданған органдар жұмысын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Шие сөлі артық салмақты адамдардың қан қысымы мен тыныс алуын реттеуге де қауқарлы. Биологтардың мәліметінше, шие шырыны немесе тосабы зәр шығару жүйесінің жұмысын да реттей алады. Ал ерте кездері ата-бабаларымыз іші өткен, ұшынған адамға шие бұтағын суға қайнатып ішкізген. Сондай-ақ шие жүйке ауруларына да ем. Бір түйір шиенің құрамында: қант – 15 мг %, пектин – 11 мг %, А дәрумені – 0,3-0,55 мг %, С дәрумені – 15 мг %, РР дәрумені – 0,25-0,4 мг %, органикалық қышқыл – 1-1,6 % құрайды. Бұған қоса өте аз мөлшерде азот тәрізді заттар мен керацианин бар екен.