Енді болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі.
Экономист Марат Абдурахмановтың айтуынша, бұл ақыр аяғында бала туу көрсеткішінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
“Импортымыз – 90 миллиард доллар, яғни импортқа тәуелділігіміз ресми мәлімет бойынша 90%. Осы жағдайдан шығу үшін өндіріске қосылған құн салығын алып тастап, импортқа ҚҚС қалдыру керек. Сонда бюджет ұтады, азаматтар да ұтады, өйткені барлық баға бірден төмендейді”, – деді экономист.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бері 2 мыңнан астам жәрдемақы алушы табысын жалған көрсеткен. Соның салдарынан кей өңірлерде әлеуметтік сақтандыру қоры жиналған ақшадан әлдеқайда көп төлеген.