ТӨРТ ТҮЛІК АТАУЫ



Бүгінгі шығарылымда төрт түлік малдың төлдерінің атауларына кеңінен тоқтап, оларды қалай дұрыс атау керектігін жазамыз. Және де осы орайда көпшілікке  жан-жануарларға қатысты «бала» емес, «төл» сөзі қолданылатынын айтқымыз келеді.

Ең алдымен, ұсақ түліктердің төлдеріне тоқталайық.

Қой төлдерінің атаулары:
Жаңа туған кезі – қозы
Көрпеш – есейген қозы.
Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.
Көпей – кеш туған қозы.
Марқа — қозының марқайған кезі.
Бағлан – семіз марқа.
Тоқты – жасы алты айдан асқан.
Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.
Ісек – тарттырылған, кестірілген қой.
Құнан той – үш жастағы қой.
Дөнен қой – төрт жастағы қой.
Азбан – тарттырылған қошқар.
Қошқар – аталық.
Саулық – аналық қой.
Ақауыз қой –  әбден семірген бойдақ қой. 

Ешкі төлінің атаулары:
Лақ – жаңа туған төл.
Бөрте – алты айлық төл.
Шікіраз – жасқа толған еркегі.
Туша – жасқа толған ұрғашысы.
Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.
Ешкі – аналық.
Сергештік – жасқа толған еркегі.
Теке – аталық.

Жылқы төлдерінің атаулары:

Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.
Жабағы – бір жылға дейінгі төл.
Тай – екі жастағы жылқы.
Құнан – үш жастағы жылқы.
Құнажын –үш жастағы ұрғашысы.
Дөнен – төрт жастағы еркегі.
Бесті – бес жасар еркек жылқы.
Айғыр – аталық жылқы.
Сәурік – жас айғыр.
Бие – аналық жылқы.
Қулық – алғаш құлындаған бие.
Қысырақ –үйірге алғаш қосылған жас мал.
Ана бие – көп құлындаған бие.
Бедеу – құлындамайтын жылқы.

Түйе төлінің атаулары:

Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.
Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.
Тайлақ – екі-үш жасар еркегі.
Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.
Буырлыш – төрт-бес жасар ұрғашысы.
Буыршын – төрт-бес жасар еркегі.
Бура –  аталық түйе.
Інген – аналық түйе.
Атан – ақталған, кестірілген түйе. 

Сиыр төлінің атаулары:
Бұзау – сиыр төлі.
Баспақ – алты айға дейінгі төл.
Арда  торпақ – бір жылдық төл.
Тайынша – жастан асқан еркегі.
Тана – жастан асқан ұрғашысы.
Қашар – екі жасар ұрғашысы.
Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.
Бұқа – аталық.
Сиыр – аналық.
Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.
Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.
Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *