ДОЛЛАРДЫҢ БҮГІНГІ БАҒАМЫ ҚАНША?!



Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 518 – 522 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы бойынша бір доллар — 520,48 теңге, деп хабарлайды «Derek.com.kz» ақпараттық сайты “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

Kurs.kz платформасының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы — 519 теңге, ал сату бағамы — 522 теңге шамасында. Еуроның бағасы 571–577 теңге аралығында өзгеріп тұр.

Астанадағы жағдай да ұқсас: доллар 518 теңгеден сатып алынып, 522 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы — 569 теңге, сату бағамы — 575 теңге.

Ал Ресей рублі қазіргі таңда 5,93 – 6,05 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің 10 сәуірге белгілеген ресми рубль бағамы — 6,06 теңге, ал еуро — 574,61 теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *