Бүгін Түркістанда жас буынның өнері мен рухани тәрбиесін шыңдайтын – «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан облыстық байқау өтті.
Облыстың барлық аудан, қалаларынан жиналған дарынды мектеп оқушылары «Парпария» эпостық жырын жатқа айтып, сахна төрінде өнерлерін ортаға салды. Байқау барысында ұлттық рух пен баба аманаты жырмен жаңғырып, жас өрендердің шабытты үнімен жалғасты.
Сайыста Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы «Мәдени демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Мұрат Жұманов, жыршы, термеші, ҚР Мәдениет қайраткері Абылай Бөріханов және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету» бөлімінің «Ұлттық шығармашылық және жанрлар» маманы Аязбек Рүстемов төрелік етті етті.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлдені қанжығасына түркістандық Ұлболсын Егенберді байлады.
Жүлделі І орын Отырар ауданынан келген Пашан Асылайға бұйырды.
ІІ орынға
– Отырар ауданынан Қалжан Фариза,
– Кентау қаласынан Мағжан Ғалымжанұлы ие болды.
ІІІ орынға
– Жетісай ауданынан Нұрмұрат Нұраят,
– Сарыағаш ауданынан Ахмет Думан,
– Қазығұрт ауданынан Ергешбай Айзере лайық деп танылды.
Арнайы жүлделермен төмендегі жас дарындар марапатталды:
– «Парпария» атындағы арнайы жүлде – Шаханбай Қарақат (Жетісай ауданы)
– «Қызыл Жырау» атындағы арнайы жүлде – Біржан Нұрдәулет (Созақ ауданы)
– «Құлыншақ Кемелұлы» атындағы арнайы жүлде – Рахметулла Әли-Шер (Шардара ауданы)
– Арнайы жүлде – Рахымбай Құрманай (Қазығұрт ауданы)
– Арнайы жүлде – Ахмет Гүлдана (Келес ауданы)
Байқауға қатысқан барша жас қырандарды жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!
Айта кетейік, 22 сәуір күні «Едіге» эпостық жыры бойынша байқау жалғасатын болады.
Ұлттық мұра – ұлт рухының алтын діңгегі!