ЕЛІМІЗДЕ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» КҮНІ БАСҚА КҮНГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ



Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара 23-ші немесе 24 мамырда өткізіледі.

Министрлік мәліметінше, еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.

“Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні – 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл – бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады”, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтіні айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *