

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Сауран ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері қорытындыланды.
«Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке аудан әкімі орынбасары Ербол Жанғазиев қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді.
Мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары және зиялы қауым өкілдері қатысты. мерекелік кешке еліміздің эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бақытжан Мұстафаев, Нұржан Төлендиев ән шырқап көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік келесі көшті 30-31 тамыз күндері Бәйдібек ауданының өнерпаздары жалғайды.
Умирзакова Зағипа