АЛДА АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ



Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Күндіз солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күшті жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

«Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: түнде 10-17 градустан 8-15 градус жылыға дейін, күндіз 25-30-дан 18-23 градус жылыға дейін.

Шығыста ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 7-18-ден 9-20 градус жылуға дейін, күндіз 22-33-тен 24-35 градус жылуға дейін.

Оңтүстік-шығыста да аздап көтерілуі мүмкін: түнде 5-15-тен 7-17 градус жылуға дейін, күндіз 22-30-дан 25-35 градус жылуға дейін.

Оңтүстік өңірлерде күндіз қатты ыстық күтіледі – 40-42 градусқа дейін», — делінген синоптиктер болжамында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *