Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыспен қамту орталықтарында 684 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға аз көрсеткіш. Одақтас елдер арасында жұмыссыздық деңгейі тек Қазақстанда артып барады.
⠀
Мәселен, Ресейде көрсеткіш 30 пайызға төмендесе, Қырғызстанда жұмыссыздар саны 23 пайыз, Арменияда 18 және Беларусьте бірден 15 пайызға азайыпты. Жұмыссыздардың жалпы санын алып қарасақ, былтыр Қазақстан екінші орында болған.
⠀
Ресейде олардың саны 1,7 млн-нан асса, елімізде 450 мыңға жуықтаған еді. Арменияда 171 мың, ал Беларусьте 148 мың жұмыссыз тіркелген болатын.