Брендтің теледидарлары мен кір жуатын машиналары тамыз айынан бастап өндіріледі. Отандық тұрмыстық техника өндірушісі «Silk Road Electronics» ЖШС Samsung компаниясымен келісімге қол қойды. Айта кетейік, кәсіпорынның жұмысын бастағанына екі жыл болған. Қазірде 270 мыңнан астам техника өндірген. Оның ішінде теледидарлар, шағын пештер, кір жуатын машиналар мен шаңсорғыштар, ас үйге арналған басқа да өнімдер бар. Бұл техникалар қазақстандық нарықта ғана емес ТМД елдерінде де жоғары сұранысқа ие.