
Олимпиада жүлдегерлері Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Қазақ спорт және туризм академиясында білім алуға мүмкіндік беретін гранттар табысталды.
«Практика жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал, артымыздан еріген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар», — деді Демеу Жадыраев.