Бүгін Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының мәдени күндері басталды.Этноауыл аумағында ауданнан шыққан танымал ақын жазушылардың кітап көрмесі қойылып жиылған қауым аудан мәдениетімен кеңінен танысты.
Бұдан бөлек, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме жəрмеңкесі, ауылшаруашылық өнімдерінің көрме жəрмеңкесі және ұлттық тағамдардың көрме жəрмеңкесі халыққа ұсынылды. Қалаға келуші туристер ұлттық астан дәм татып, өз пікірлерін білдірді.
Шарада «Ата ұлды-ана ұлтты тəрбиелейді» атты салт- дəстүр, əдет–ғұрыптардан көріністер сахналанды. Көне салт-дәстүрлер дәріптелді. Сонымен қатар қазақ руханиятының төл тұмары саналатын терме, халық əндері мен дəстүрлі əндерден концерттік бағдарламалар көрсетілді және М.Байғұттың «Машаттағы махаббат» повестінен көше театры стилінде «Мақталы» халық театры музыкалық-сахналық қойылымды сомдады.
Сымбат Сейтханова