Шымкентте №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының өртенуіне кінәлілер мемлекетке 23,8 миллиард теңге төлеуі керек. Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қорғаныс министрлігінің, 4 жауапкерден 25 093 038 236 теңге материалдық залалды өндіру туралы талабы бойынша істі қарады. 4 жауапкердін екеуі — сарбаз.
«2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Nº28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейін жарылыстар болған. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. Сонымен қатар мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген», — деп мәлімдеді сот. Жауапкерлердің кінәсі 2024 жылы 13 наурыздағы занды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденді.
Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында Nº14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендіктен, аса ірі мөлшерде шығын келгені анықталды. Енді олар 23 764 530 881 теңге мемлекет пайдасына материалдық шығынды төлеуі керек.
Дәлел болмағандыктан қалған 1 328 507 355 теңгені төлемейді.
Шешім заңды күшіне енген жок.