Бүгін «Керуен сарай» кешенінде Шардара ауданының мәдени күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара сағат 12:00-де басталып, алаңда қолөнер шеберлерінің эксклюзивті бұйымдары таныстырылған шеберлік сағаттары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, өңірдің тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктері кеңінен насихатталды.
Кешкі бағдарлама аясында аудан өнерпаздары мен елімізге танымал өнер майталмандарының қатысуымен өткен гала-концерт көрермендерге ерекше рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйге бөледі.
Айта кетейік, фестиваль аясында 19 маусым күні Қазығұрт ауданының, ал 20 маусым күні Кентау қаласының мәдени күндері жалғасады.
