КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: бүгін қай спорт түрлерінен жарыстар өтеді



11 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төртінші жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасы 48 медальмен көш бастап тұр, деп хабарлайды DEREK.COM.KZ «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы сағат 11.00-де Ресей командасымен кездесіп, финалға жолдаманы сарапқа салады. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді. Ипподромда сағат 15.00-де көк бөрүден жартылай финал ойындары басталады. Қазақстан мен Түркия, одан кейін Қырғызстан мен Ресей құрамасы өз араларында финалға кім шығатынын анықтайды. Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 9.00-де жамбы ату спортының жамбы стилінен еліміздің спортшылары сынға түседі. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкез, Батыр Бексауыт, Абзал Тұлыбеков өнер көрсетеді. Этноауылда сағат 10.00-де powerful nomad спортынан абсолютті салмақ дәрежесінде Азамат Мақұлбеков сынға түседі. Финал 16.00-де өтеді. «Арғымак» ат-спорт кешенінде сағат 10.00-де дәстүрлі садақ атудан үшінші жарыс күні «Жамбы» нысанасы бойынша іріктеу сыны басталады. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады. Әйелдер: Динара Жақсылыкова, Фариза Сабыржан, Айкөркем Батихан жэне Ажар Төлеуханова. Ерлер: Ербол Тапенов, Бақберген Сәлімов, Қасымхан Қанат, Марат Бексұлтан, Мақсат Әбдікерімов және Жәнібек Құлмырзаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *