«КЕЛІСІМ КУБОГІ» Қырғызстанның көкбөрі федерациясы қазақтарды қарымта ойынға шақырды



Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпар мен көк бөріден «Келісім кубогын» өткізуді ұсынып отыр деп хабарлайды «DEREK.KZ» сайты Қырғызстан агенттігінің Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккездің хабарлауынша бүгін 16 қыркүйекте Қазақстан көкпар федерациясына шақыру хат жіберілген. «Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады», — деді көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жунісалиев баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының финалында кездескен еді. Бұл ойында екі құраманың спортшылары арасында жанжал туды. Кездесу нәтижесі бойынша 5:4 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *