Енді қазақстандықтар шектеусіз мерзімге eGov порталы арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады. Бұл туралы бүгін 16 қыркүйекте ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік коғамы хабарлады.
«Қызметті пайдалану үшін азаматтың өзі ғана өтініш бере алады. Несиелер мен шағын несиелер беруге тыйым салу белгісіз мерзімге белгіленген. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несие және қарыз алу бойынша белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін сіз eGov.kz порталында қызметті мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жіберіңіз», — делінген хабарламада.