АЛМАТЫДА ОҚУШЫЛАР ЖАППАЙ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТҚА ПОЛИЦИЯ ПІКІР БІЛДІРДІ



Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда бір уақытта бірнеше бала өзіне қол жұмсады деген ақпарат тараған еді. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын хабарланғандай екі қыздың еліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиганың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

ІІБ мәліметінше, мегаполисте осыған ұқсас қайғылы оқиға өткен аптада болған. Ол кезде 13 жасар кыз терезеден құлап кеткен. Департамент жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары тек ресми деректерге сенуге шақырды. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапқаны туралы жазған едік. Жергілікті тұрғындардың дерегінше окиға Жамбыл көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болган. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаган.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *