ТАЛҒАРҒА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ



Алматы облысы Талғар ауданында жаңа прокурор.

Бүгін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев Талғар ауданының прокуроры Ерлан Тағаевты таныстырды.

Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Карағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.

Еске салайық, талғарлық жасөспірім Шерзат Болаттың өлімінен кейін өңірде бірқатар адам қызметінен кеткен болатын. Соның ішінде Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *