Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы министрлер кабинетінде өткен брифингте уақыттың өзгеруіне байланысты балалары қараңғыда үйлеріне қайтуға мәжбүр болған ата-аналарға не істеу керектігін айтты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұған дейін министрліктің ұстанымын айтқанын еске салды.
«Біз жұмыс берушімен еңбек қатынасы бар қызметкердің жеке жұмыс кестесін құра алатынын айттық. Ол сол кестені балаларды мектептен алып кету үшін өзгерте алады», — деді Светлана Жақыпова.
Министрдің мәліметінше, бүгінгі күні ведомство бірыңғай уақыт белдеуі бойынша шешімді қайта қарау туралы бастамалар беруді жоспарламайды.