ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҮКІМЕТТЕН ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ БЕРІЛМЕК



Бүгінгі таңда қазақстандық тауар өндірушілерден мемлекеттік сатып алуларда басым тәртіппен сатып алынатын тауарлар тізбесі 3 еседен астамға кеңейтілді. Жасалған шарттардың сомасы 31%-ға ұлғайтылып, 167 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды derek.com.kz ақпараттық сайты.

Сондай-ақ ірі тапсырыс берушілердің («Самұрық-Қазына» қоры, жер қойнауын пайдаланушылар) сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізілді: биыл отандық тауар өндірушілермен 470 млрд теңгеге 100-ден астам ұзақмерзімді шарт және 134 млрд теңгеге 260-тан астам офтейк-келісімшарт жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 есе көп.

  • Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында адами капиталды дамыту, ғылым мен өндірісті интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Олжас Бектенов бизнесті кадрлық әлеуетті арттыру, студентттер үшін тиімді тәжірибе базасын ұсыну және жұмыс орындарын квоталау арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін күш салуға шақырды.

    Форум барысында «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қазақстанда шағын және орта бизнес экожүйесінің дамуы туралы хабарлады. Әлеуметтік кәсіпкер Жаңагүл Жапарова шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық тізбекті өндіру арқылы ауылды дамытуға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысу туралы әңгімеледі. «Қазэлектромаш» ЖШС және «Кублей» ЖШС басшылары Виталий Распопин мен Зәуре Берекешева кластерлік тәсіл арқылы жоғары деңгейде қайта өңдеуді игеру және етті қайта өңдеуді дамыту бойынша тәжірибелерін бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *