МИНИСТР САНКЦИЯҒА ІЛІККЕН КОМПАНИЯЛАРДЫ «БІР КҮНДІК» ДЕП СИПАТТАДЫ



Қазақстанның ұлттық экономика министрі шетел санкциясына іліккен ел компаниялары туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Министр Нұрлан Байбазаров 7 қарашада санкцияға іліккен компаниялар туралы пікір білдірді. Басшы оларды біркүндік компаниялар деп атады.

Нұрлан Байбазаров бұл тізімдегі екі компанияның бұған дейін америкалық санкцияларға іліккенін түсіндірді.

«Бұл компаниялар — біркүндік фирмалар, олар, бәлкім, осындай мақсаттарға ашылады. Біз оларды тексеруді бастағанда, олардың толыққанды шаруашылық әрекеттері жоқ екенін байқаймыз. Олар ашылады, бір келісімшарт жасасады да, жоқ болып кетеді. Сауда қалай өткенін анық көріп отырмыз. Батыста санкцияларға жауап беретін қаржы қызметтері бұл компанияларды постфактум тіркеп, тізімге қосады», — деп қосты ұлттық экономика министрі 8 қарашада Астанада өткен Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығы министрлік конференциясында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *