CNN ҚАЗАҚСТАНҒА 70 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖОЛБАРЫСТАРДЫҢ ОРАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБА ЖАРИЯЛАДЫ



Америкалық CNN телеарнасы Қазақстанға 70 жылдан кейін жолбарыстардың оралып жатқаны туралы материал жариялады.

Жолбарыстар Қазақстан даласынан 1950-ші жылдары жойылып кеткен болатын. Бірақ қазір оларды қайта оралту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Қыркүйек айында Нидерландтан әкелінген амур жолбарысының жұбы Іле-Балқаш қорығына жеткізілді. Зоологтардың айтуынша бұл аймақ бір кездері осы жыртқыштардың тарихи мекені болған.

Орталық Азияда жолбарыстардың мекені Түркиядан Корей түбегіне, Ресейдің солтүстігінен Индонезияға дейін тараған. Қазір жолбарыстар өздерінің бұрынғы мекендерінің тек 7%-ында ғана бар.

Ал елімізде бұл жануарлар 1950-ші жылдары толығымен жойылып кеткен. Қайтадан табиғи ортаға қоныстандыру үшін Қазақстанда бұрын өмір сүрген түрге өте ұқсас Амур жолбарысы таңдалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *