Қазақстандықтар келесі жылдан бастап декларация тапсырудан босатылады. Бұл туралы шешім Үкімет отырысында қабылданды.
Сөз жалпыға бірдей декларацияның 4-ші кезеңі туралы: 1 қаңтардан бастап 8 миллион адам (студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер және басқа санаттар) өздерінің табыстары мен активтері туралы есептерді тапсыруы керек еді.
Қаржы министрлігіне тиісті заңнамалық түзетулер дайындау тапсырылды.
Дегенмен қазақстандықтардың мына санаты үшін декларацияны тапсыру ұсынылады:
- Қазақстаннан тыс жерде мүлкі барлар;
- жыл ішінде 20 мың АЕК-тен астам сомаға (74 милион теңге) сатып алулар жасағандар;
- салық салынатын табысы барлар.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Президент қазақстандықтарды өз мүлкін декларациялауды міндеттеу туралы шешімді орынсыз деп атады. Мемлекет басшысы үкіметке мәселені шешуді тапсырды.