Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палатаның бүгінгі отырысында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне қатысты өз ойын білдірді.
Әшімбаев алдағы уақытта тарифтердің көтерілуіне байланысты бағаға қысым күшейетінін айтты.
«Бұрыннан шешілмей келген мәселелер салдарынан бүгін біз тарифтерді көтеруге тиіспіз. Жылдар бойы тариф көтерілмей келді, соның кесірінен біздің бүкіл энергетика саласы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешені қазір өте қиын жағдайда.
Осындай жағдайда инфляцияны қалай тежемекпіз? Пайыздық мөлшерлеме мен Қаржы министрлігі бағалы қағаздар арқылы нарықтан, яғни банктерден ақшаны алатын болады. Осылайша бағаны ұстап тұру үшін ақша массасын азайтамыз», — деді ол.