ҚАЗАҚСТАН 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 1200 ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНЫН САТЫП АЛМАҚ



Көлік министрлігі ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол жылжымалы құрамын және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

“Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады”, — деп мәлімдеді Марат Қарабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *