ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА ТУҒАН ҰЛДАРДЫҢ САНЫ ҚЫЗ БАЛАЛАРДАН ӘЛДЕҚАЙДА АСЫП КЕТКЕН



Осы жылдың тоғыз айы ішінде елімізде 280 мыңға жуық сәби өмірге келіпті. Жаңа туған нәрестелердің арасында егіздер мен үшемдер де бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Статистикаға сүйенсек, былтыр Қазақстанда 388 428 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 200 559 – ер бала (51,6%), 187 869 – қыз бала (48,4%). Биыл да жаңа туған ұлдар саны қыздардан көп болатын сияқты.

«2024 жылғы 9 айдың ішінде 278 698 сәби өмірге келген. Олардың арасында 5756 егіз, 107 үшем бар. Дүние есігін ашқан нәрестелердің 144 015-сі – ұл, 134 683 – қыз бала», — дейді Ұлттық статистика бюросы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *