Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына



Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 28-29 тамыз күндері «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында өтетін Сауран ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндеріне шақырамыз!

28 тамыз күні:
– сағат 10:00-19:00 аралығында «Этноауыл» аумағында аудан қолөнершілерінің көрмелері, ұлттық ойын-сауық және салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сахналанады. Сондай-ақ «Дала рухы» ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалай аласыздар!

29 тамыз күні:
– сағат 10:00-13:00 аралығында «Этноауыл» аумағында ұлттық ойындардан (қазақша күрес, қол күрес, садақ ату, ләкәш, асық ойындары, гір тасын көтеру, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қойшы ойыны, сақпан ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, арқаласпақ, т.б.) сайыстар өтеді.
– сағат 19:00-де «Керуен Сарай» кешенінде Сауран ауданы өнерпаздарының және «Алдараспан» театрының әртісі Нұржан Төлендиев және эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бақытжан Мұстафаев, Данияр Барыстың қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *