21 жасқа дейінгі жастарға несие беру кезінде есепке алынатын кірістердің тізімі кеңейтіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзгерісті ашық талқылауға салды.
⠀
Нақтыласақ, кредит рәсімдеуден бұрын банктер қарыз алушының төлем қабілетін оның кірісіне қарап бағалайды. Бұған дейін жастардың табысы мен шәкіртақысы есепке алынса, енді банктер дебеттік карталардағы толықтыруларды есепке алады. Оның ішіне туыстары жіберген аударымдар да кіреді.
⠀
Құжат 20 желтоқсанға дейін талқылауда болып, кейін шешім қабылданады.