15 желтоқсанда Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Сайлау нәтижесінде Арыстанбек Абилхаирұлы жеңіске жетті. Әкімдіктің мәлімдеуінше, 15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін сайлау өтті. Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізілді. Дауыс беруге 12 875 сайлаушы қатысты. Сайлау қорытындысының нәтижесі: Арыстанбек Абилхаирұлы сайлаушылардың 9071 даусына ие болған. Каденов Жәнібек Жанболатұлына 1875 дауыс берілді. Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы үшін 1140 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 182. Сайлау қорытындысымен Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды.