Сақ болыңыздар: Алматы облысында 127 мыңнан аса адам тұмау жұқтырды.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының респираторлық вирусты инфекциясы бар науқастардың 65 пайызы — 14 жасқа дейінгі бала. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл сырқатқа шалдығу көрсеткішінің 23,9 пайызға төмендегені байқалады.
Тұмау облыс орталығы Қонаев қаласында да өршіп тұр. Қалалық ауруханаға күніне жүзден аса адам қаралады.