Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кеткені туралы ақпарат белгілі болды. Оның орнына үміткерлер қарастырылып жатыр. Бұл туралы E.Maulen телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды “DEREK.COM.KZ” ақпараттық сайты.
Бұл шешімді ҚФФ жаңа президенті қабылдады. Оның орнына екі қазақстандық және екі еуропалық маманның кандидатурасы қарастырылып жатыр. Қазір заңгерлер Черчесовтың келісімшартын заңды түрде бұзудың мүмкіндіктерін зерттеу үстінде.
Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың шілде айында ұстады. Оның келісімшарты ӘМ-2026 іріктеу кезеңі аяқталғанша әрекет етеді. Ресейлік маманның жетекшілігімен Қазақстан сегіз ресми кездесу өткізіп, жетеуінде жеңіліс тапты. УЕФА Ұлттар Лигасында өз тобында соңғы орынға ие болды.