КӨЛІК ӘЙНЕГІН ҚАРАҢҒЫЛАҒАНЫ ҮШІН САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ӨСТІ



Бұл жағдайға айлық есептік көрсеткіштің артуы себеп. Талаптарға сәйкес, көліктің алдыңғы әйнегі жарықтың жоқ дегенде 75%-ын, ал бүйір әйнектер 70 пайызын өткізуі тиіс.

Рұқсат етілген деңгейден асып кеткені үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салынады. Бұдан басқа бұзушылықты жою туралы нұсқама да беріледі.

Жүргізуші ережелерді қайтадан бұзып, нұсқауларды орындамаған жағдайда, оған қатысты қатаң шаралар қолданылуы мүмкін. Оның ішінде қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *