Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов бірнеше ай Лондонда өмір сүреді.
Спортшы бұл туралы былтыр қарашада айтқан. Ол Олимпиада ойындары кезінде ағылшын тілін білмегендіктен, қиналғанын жеткізіп, алдағы мақсатының бірі — тілді жетік меңгеру болатынын айтқан болатын.
“2025 жылдың басында арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға 4 айға барамын. Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшын тілінде сұхбат бергім келеді”, — деген еді спортшы журналистерге.