ЕНДІ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ «KASPI BANK» АҚ ПОСТАМАТТАРЫ АРҚЫЛЫ АЛА АЛАСЫЗ



Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы қазақстандарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп мәлімдейді «Derek.com.kz» ақпараттық сайты.

«АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарланып отыр. Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді»,—делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *