2025 жылға арналған қасқыр мен шибөрілердің санын реттеудің биологиялық негіздемесі дайындалған. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қасқыр мен шибөрілерді ату туралы маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды «Derek.com.kz» ақпараттық сайты.
«2025 жылдың 15 қаңтар сағат 10:00-ден бастап реттеу қажет түрлердің (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі ашылады. Биологиялық негіздемеге сәйкес, жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілді», – деп мәлімдеді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл тіркелген жағдайда ғана беріледі.