КАСПИЙ ТЕҢІЗІНЕН БЕЛГІСІЗ АРАЛ ТАБЫЛДЫ



«Құпия арал» Әзербайжанның шығыс жағалауынан 25 шақырым жерде орналасқан және Чигил-Дениз деген атауға ие.

Обсерваторияның дерегінше, 2022 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың желтоқсаны аралығында Landsat 8 және 9 аппараттары Каспий теңізінің жағалау аймағын бірнеше рет суретке түсіріп, кездейсоқ жаңа аралды анықтаған.

Спутниктік бақылаулар көрсеткендей, арал Каспий теңізінің суынан 2023 жылдың басында Кумани-Бэнк лай жанартауының атқылауынан кейін көтерілген. 2024 жылдың соңына қарай судың үстінде аралдың айтарлықтай кішірейген бөлігі ғана көрініп тұрды.

Аралдың ең үлкен аумағы 400 метрге (1300 фут) жеткен – бұл төрт футбол алаңының ұзындығынан сәл ғана үлкен, – деп хабарлады обсерватория өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *