Қысқа видеолар ең бірінші адам миына шамадан тыс жүк түсіреді екен.
NeuroImage (Нэурломедж) сайтының жүргізген зерттеуінде әлеуметтік желідегі қысқа видеоларды шамадан тыс көп қарау адам миына кері әсер ететіні айтылған. Тіпті, әртүрлі психикалық ауру да туғызуы мүмкін.
Сондай-ақ, ғалымдар TikTok, Instagram желілеріндегі рилстар нақты бір нәрсеге назар аударып, бастаған істі аяқтай алмайтындай дәрежеге жеткізетінін көрсеткен.
Зерттеуге сәйкес, мұндай видеолардың кесірінен орталық жүйке жүйесінің дамылсыз жұмыс істейді. Салдарынан ұйқы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендейді. Бұнымен қоса, қысқа видеоларды сағаттап көру тәуелділікке әкелетінін де ескертілген.