ЕЛІМІЗДІҢ ХАЛЫҚ САНЫ 20 286 084 АДАМҒА ЖЕТТІ



Көбейіп жатырмыз: Еліміздің халық саны 20 286 084 адамға жетті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743;
ауыл тұрғындары – 7 511 341.

«Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен — 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%», — делінген ақпаратта.

Республикалық маңызы бар қалалардан бөлек, бір миллионнан астам халқы бар облыстар:

Түркістан (2,1 млн);
Алматы (1,5 млн);
Жамбыл (1,2 млн);
Қарағанды (1,1 млн).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *