ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді



Жұмыс сапарының басты мақсаты – аймақты дамыту жұмыстарымен танысу, су нысандарының жай-күйін бақылау және мемлекеттік бағдарламалардың халыққа қолжетімділігін үйлестіру.

Вице-премьер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сауран ауданына барып, жақында пайдалануға берілген аумақтық органдар ғимаратын аралап көрді. 2,1 гектар аумақта орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 7 300 шаршы метрді құрайды. Мұнда мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Жалпы, құрылғанына 4 жыл болған Сауран ауданының инфрақұрылымы жақсарып, әлеуеті көтеріліп келеді. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауданда 5 нысан салынған. Өзге жобалар бойынша да әлеуметтік нысандармен толығуда.

Саурандағы аумақтық органдар ғимаратында вице-премьерге аймақта «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы таныстырылды. Осы жоба арқылы салынған ғимараттар мен алдағы жоспарлар баяндалды.

Айта кетейік, Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5 жылда 113,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 567 жоба жүзеге асты. 173 әлеуметтік және 104 инфрақұрылымдық нысан салынып, 1 571 ішкі көше орташа жөндеуден өтті. Нәтижесінде 328 елді мекен қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, 10 мыңға жуық адамға жұмыс орындары ашылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *