Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы алтын жеңіп алды. Команда құрамында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко бар. Бұл Қазақстан шорт-трегі тарихында Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген еді. Еске сала кетейік, Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында қысқы Азия ойындары өтеді. Бәсекеде 34 елдің спортшылары бақ сынайды. Сондай-ақ, Азия ойындарында атлеттер спорттың 6 түрі, 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығын сарапқа салады. Харбинде Қазақстан құрамасы атынан 137 спортшы спорттың 11 түрі бойынша жарыстарға қатысып, ел намысын қорғайды.