Қазақстанда қоян аулауға тыйым салынды.
Атап айтқанда, елде құм қоянын 31 желтоқсаннан бастап атуға болмайды. Ал, 15 ақпаннан бастап ақ қоян мен ор қоянды аулауға тыйым салынбақ.
Себебі осы мезгілде қояндар көжектей бастайды.
Айта кетейік, ұзынқұлақтылардың қосылатын маусымы басталды. Ал Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың 15 ақпанынан бүгінге күнге дейін 390 мыңға жуық қоян аулауға рұқсат берген.