ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



Бүгін Түркістанда 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне арналған «Әлемнің жарығы – ана» атты өтті. Салтанатты жиынға облыстың әр қиырынан түрлі салада жетістікке жетіп, еңбегімен дараланған нәзікжандылар, көпбалалы аналар, жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек ететін аяулы жандар қатысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, аяулы аналарды құттықтады. Елдің дамуына үлес қосып жүрген ханымдарға құрмет көрсетті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған концертте Түркістан музыкалық драма театрының әртістері ананың құдіретін асқақтатқан театрландырылған қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының танымал өкілі Мадина Сәдуақасова, сонымен қатар Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері бастаған өңір өнерпаздары ана, арулар туралы әндерді шырқап, шуақты мерекенін сәнін кіргізді. «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, мың бұралған бишілер мен өнерлі балалар да кештің көркін аша түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *