Түркістан облысында балық аулауға тыйым салынады
Түркістан облысында 1 сәуірден бастап су айдындарында балықтардың уылдырық шашу кезеңі басталды. Уылдырық шашу – балықтардың көбейіп, табиғи тепе-теңдіктің сақталуы үшін маңызды кезең. Осыған байланысты бұл уақытта балық аулауға заңмен шектеу қойылған.
1 сәуір мен 31 мамыр аралығында су айдындарында балық аулауға тыйым салынады. Тыйым салынған жерлерде балық аулағандарға 20 АЕК мен 250 АЕК (983 000 теңге) аралығында айып тағайындалған.