ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ



Алматыда 3.4 Азия аймағының чемпионаты басталды. Оған Орталық Азия елдерінің – Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның, Ауғанстанның шахматшылары қатысып жатыр. Онда жалпы 136 шахматшы сайысады: олардың 94-і – ерлер, 42-і – әйелдер. Турнир 8 күнге созылады. Бұл жарыстың жеті жеңімпазы Әлем кубогына жолдама ұтып алады.

Халықаралық шахмат жарысы швейцариялық жүйе бойынша өтеді және 9 турдан тұрады. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, осындай маңызды іріктеу турнирін қабылдау – Қазақстан үшін мәртебе.

«Ұйымдастырушылар ретінде шахматшылардың қазақтың дәстүрлі қонақжайлығын толық сезінуі үшін қажеттінің бәрін жасаймыз. Әлем Кубогына қатысу үшін өтетін жарыс қызық болады, демек алдағы уақытта біз тамаша ойындар мен жарқын жеңістердің куәсі боламыз деп үміттенеміз. Биыл Орталық Азияға 7 квота бөлінді, бұл бұрынғыдан екі есе көп. Мұның өзі – біздің аймақтың халықаралық деңгейдегі рөлінің нығая түскенінің айқын дәлелі. Біз Қазақстанның жетекші шахмат күші ретіндегі позициясын аймақта да, одан тыс жерлерде де нығайта бермекпіз», – деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетованың айтуынша, жеті жолдаманың төртеуі ерлерге, үшеуі шахматшы әйелдерге беріледі. Осылай, ерлер 1-26 қараша аралығы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетін турнирге, үш әйел 5-29 шілде аралығы Грузияның Батуми қаласында өтетін турнирге қатысуға мүмкіндік алады.

*серіктестік пост

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *