1414 ЕНДІ ҮЙІҢІЗГЕ КЕЛЕДІ



Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Сіз халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыра аласыз. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

Жаңа сервис іске қосылды. ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігін алу сияқты мемлекеттік қызмет түрін көрсете алады.

Пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «жеке менеджерді үйге шақыру» тетігін басып, керекті мәліметтерді толтыру ғана қажет.

Сондай-ақ, өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *