ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ



Түркістанда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңірдің жетістіктері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Іс-шарада өңір басшысы бірқатар азаматтарды марапаттады. «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі сынды мемлекеттік наградаларын табыстады. Сонымен қатар облыстың Құрметті азаматы атағын тапсырды. Оның ішінде қоғам қайраткері, Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш төрағасы, құрметті муфти Рәтбек қажы және мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбек сіңірген, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар бар.

Салтанатты жиын әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Онда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, эстрада жұлдызы Айдар Тұрғамбек, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Тәженова, «Turan Boys» тобы, Руслан Ахымбеков, Айзада Асылхан, Махмуд Уримбаев, Сұлтан Бекмырза, Сәндібек Аманов, Гүлзина Жақсылық,«Фараб» және «Бисұлтан» би ансамблі, «Jana lep!» өнер ұжымы, «АКА» балалар шығармашылық орталығы өнер көрсетті.

СЫМБАТ СЕЙТХАНОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *