
Биыл 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектебінде бірдей салтанатты жиын өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ресми деректерге сүйенсек, жаңа оқу жылында 345 мың 1-сынып табалдырығын аттағалы отыр. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылады.
2 қыркүйек — жаңа оқу жылының бірінші күні Отан, туған жер тақырыптарында бірыңғай сынып сағатымен басталады деп күтілуде.