ТАУ ТҰЛҒА



Бүгін — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.

Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы Сарықамыс ауылында дүние есігін ашқан. Этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзекең қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып дамуына елеулі үлес қосқан ұлт жанашыры.

Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде этнографиялық мұражайлар ашылды, ХХ ғасырдың 70-жылдарында Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің қалпына келтіруіне ұйытқы болды. Тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатында «Аркас» қоғамы құрылған.

Мемлекет қайраткері Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай» т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.

Өзбекәлі Жәнібеков бірнеше рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдет ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер ауыр дерттен1998 жылы дүниеден өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *